2025-2027 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

2025-2027 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық

округінің бюджетін бекіту туралы 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабының                     2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025-2027 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті
    1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 428 437,0 мың теңге, оның ішінде: 

салықтық түсімдер – 9 070,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер –  164,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 419 203,0 мың теңге;

2) шығындар – 428 437,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер –  0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0.

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

                бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. Қалалық бюджеттен Ақжарма ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2025 жылға – 126 958,0 мың теңге, 2026 жылға –123 981,0 мың теңге, 2027 жылға – 126 130,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2025 жылға арналған Ақжарма ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі
    4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Ақжарма

ауылдық округі әкімі                                                             С.Әбдіреев

 

Дата публикации
30 декабря 2024