Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – өмір сапасы


Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – өмір сапасы

           Еліміздегі мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениеті “Ең алдымен адамдар” қағидатына негізделеді. Мұндағы басымдықтардың бірі мемлекеттік қызметті барынша үйлесімді үлгісіне көшіру. Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру мемлекеттік аппараттың алдындағы басты мақсаттарының бірі болып саналады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсетудегі басты мақсаттарының бірі – Ақсуат ауылдық округінің халқына, аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға, ардагерлерге, мүгедектерге және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру.

        Әкімшілік ғимаратында қажетті техникалық  құралдарымен қамтамасыз етілген «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 13 желтоқсан 2023 жылғы №899 бұйрығымен бекітілген 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес әкімшілік ғимаратында халыққа құқықтық көмек көрсету, Қазақстан Республикасының занамаларын өз бетінше зерделеуге мүмкіндік беру және құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ашылған «Құқықтық кабинет» жұмыс жасайды.

        «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан заңды және жеке тұлғаларға бес мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Олар: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» қызметтері.        

      

Арысбаева Ханзира Бауыржанқызы

«Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-нің

 жетекші маманы

Дата публикации
17 апреля 2025
Дата обновления
17 апреля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
20 мая 2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы - қоғам дамуының негізі
Талдамалық мақала
27 января 2026
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы - қоғам дамуының негізі
Талдамалық мақала
12 ноября 2025
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы - қоғам дамуының негізі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы