Ақсуат ауылдық округінің халық саны 10538адам. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 4171 адам. Жұмыссыздар саны - 23 адам. Жұмыспен қамтылғандар саны - 3548. Өзін - өзі жұмыспен қамтылғандар саны - 600. Зейнеткерлер саны - 778. Жұмыссыздық деңгейі 0,5 %.
Әлеуметтік сала бойынша
Жыл басынан әлеуметтік аз қамтылған 73 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін 4 балаға үйден тұрақты қызмет көрсетілуде.
Ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен аз қамтылған және көп балалы 75 отбасына азық – түлікпен көмектер көрсетілсе, 42 отбасына көмір түсіріліп берілді.
Сонымен қатар, 395 оқушыға жалпы білім беру қорының есебінен білім алушылардың жекелеген санаттарына жаңа оқу жылына қажетті мектеп формасы мен оқу құралдарына бір реттік қаржылай көмек көрсетілсе, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап барлық бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылуда. (№143 мектеп-154 оқушы. №268 мектеп-лицей - 241 оқушы).
Ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен "Мектепке жол" акциясы аясында 106 балаға мектеп формасымен оқу құралдары берілді. (№143 мектеп-56 оқушы. №268 мектеп -лицей -50 оқушы).
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша
Ақсуат ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 21 231 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында табысталған жер учаскесінің көлемі – 13751 гектар.
Ауылдық округте 4 ауылшарушылығы кооперативі, 55 - шаруа қожалығы, 14- заңды тұлға мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 468 -жеке кәсіпкер тіркеліп жұмыс жасауда.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 2712 бас мүйізді ірі қара, 1516 бас жылқы,56 бас түйе мен 2892 бас уақ малы сырғаланып, компьютерлік дерек базасына тіркелген. Құс 1348 бас.
Мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жасап жатқан қолдауының арқасында, Ақсуат ауылдық округі бойынша 541 кәсіпкерлік субъекті тіркелсе, 2023 жылы 185 кәсіпкерлік субьект тіркелген.
Ауылдық округ бойынша 2023 жылы 278,5 млн. теңгені құрайтын 44 жоба қолдау алды. Соның ішінде, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 59,7 млн. теңгені құрайтын 6 жоба.
Атап айтсақ, «Өңірлік инвестиция орталығы» микро қаржылық ұйымы арқылы «Іскер» бағдарламасы аясында 42,1 млн. теңгені құрайтын 7 жоба қаржыландырылса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Іскер» бағдарламасы аясында 10,9млн.теңгені құрайтын 2 жоба қаржыландырылды.
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында (400 АЕК)мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша 19,3 млн. теңгені құрайтын 14 жоба қаржыландырылды.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» аясында 21-35 жасқа дейінгі жастарға жеңілдетілген (2,5 пайыз) микрокредит беру қағидаларына сәйкес, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы құны 48,0 млн. теңгені құрайтын 10 жоба қаржыландырылды.
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында («Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында) 73,5 млн. теңгені құрайтын 4 жоба қаржыландырылды.
Сонымен қатар, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микро қаржылық ұйымы арқылы 25 млн. теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылса, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 59,7 млн. теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды.
Жұмыспен қамту
Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту аясында жыл басынан бері тұрақты жұмысқа 111 адам орналасып, ақылы қоғамдық жұмысқа - 35 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына -13 адам, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына - 21 жас, «Алғашқы жұмыс орны» - 1 адам, «Күміс жас» бағдарламасына - 17 адам қамтылды.
Білім саласы бойынша
1982 жылы 624 орындық типтік жобада салынған№143 мектептің жылу қазандықтарының ескіруіне байланысты, 2019 жылы қатты отын түрінен, сұйық отын түріне ауыстырылса, 2020 жылы "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында мектепке мердігер "Мұнай құрылыс" ЖШС-гі мекемесі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.
№143 мектепте 974 оқушы екі аусымда оқиды, оның ішінде мектепалды даярлық тобында - 45 бала тәрбиеленуде. Мектептегі мұғалімдер саны – 116.
2022-2023 оқу жылында мектеп бітіруші 40оқушының39- ы ҰБТ-ға қатысты. Грант -32. Үздік аттестат алғандар саны -7. "Алтын белгі" иегері -2.
2013 жылы 300 орындық №268 мектеп-лицейі пайдалануға берілсе, жаңадан тұрғындар келіп қоныстанып, оқушылар санының жылдан жылға артуына байланысты қажеттілігіне сәйкес, мердігер "SCS Инжиниринг" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі мекемесі 2021 жылы 200 орындық қосымша ғимарат құрылысын салып пайдалануға берді.Мектепте1258оқушы екіаусымда және мектепалды даярлық тобында-73 бала оқиды.Мектептегі мұғалімдер саны – 134.
2022-2023 оқу жылында мектеп бітіруші 31 оқушы ҰБТ-ға қатысты. Грант-24. Үздік аттестат алғандар саны -2. "Алтын белгі" иегері -3.
Мектептер спорт зал, кітапхана, мультимедия, информатика кабинетімен, интерактивті тақтамен, интернет жүйесімен қамтылған.
Сонымен қатар, 2020 жылы жеке кәсіпкердің өз қаражаты есебінен "Аңсар - Каусар - 2020" жеке бастауыш мектебі ашылып, мемлекеттік бағдарлама аясында 64 бала білім алып, қосымша әртүрлі үйірмелермен қамтылса, 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамту
Ауылдық округте «Сыр самалы» және "Асыл -Ай" бөбекжай бақшасы мен жеке «Нұрлы сәби», «Бодан ата», «Нұр - Салтанат», «Жәния-бағы» және «Наурыз бөбегі» балабақшаларында 595 бала қамтылып тәрбиеленуде.
Денсаулық саласы бойынша
2014 жылы пайдалануға берілген ауылдық дәрігерлік амбулатория бөлімінде 1 аға дәрігер- меңгеруші, жалпы тәжірбиелік аймаққа бөлінген 4 дәрігер, 1 күндізгі дәрігер, 1 акушер- гинеколог, 1 аға мейірбике,15 аймақтық мейірбике, 9 кабинеттік (күндізгі, ерлер қарау, фельдшер, егу бөлмесінің, тіркеу,архив, ем қабылдау және акушердің көмекшісі) мейірбикелер тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Амбулатория 9 төсектік күндізгі стационар, зертхана, ЭКГ, егу бөлмесі, ем шара бөлмесі, балаларды ауызбен суландыру бөлмесі, әйелдерді қарау, ерлерді қараубөлмелері және құрал жабдықтармен қамтылған.
Күндізгі жедел жәрдем қызметі, автокөлікпен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, Артериалды гипертензия, Жүректің ишемиялық ауруы, Қант диабеті, Бронхиалды астма, Ревматоидты артрит, Созылмалы жүрек жетіспеушілігі, Аритмия, Эпилепсия, Гипотиреоз, Паркинсон ауруы, Анкилозды спондилит, Өкпеартериялары гипертензиясы, Ювенильды артрит, Жүрек қақпашаларының протезделінуі, Вирусты гепатит, Акромегалия, Гипофизарлы нанизм, қантсыз диабет, Балалардың церебралды салдануы, Гемофилия, СКВ, Органдар және тіндерді алмастырғаннан кейінгі жағдай, Созылмалы обструктивты бронхит, 12 елі ішектің ойық жарасы, Пневмония, Теміржетіспеушілік анемиямен есепте тұрған науқастарға дәрі - дәрмектер тегін берілуде.
2023 жылытуылған бала саны –308. Қайтыс болғандар саны– 21. О.і. қайтыс болған бала саны -3.
Жұқпалы аурумен ауыратындар: туберкулез – 8. Бруцеллез -1.
Мүгедектер /инв. саны -96. Мүгедек /инв. балалар саны- 45.Диспансерлік есептегілер саны -1127. Диспансерлік есептегі балалар саны -178.
Мәдениет және спорт саласы бойынша
Ауылдық округтегі 150 орындық мәдениет үйі жанында "Дәстүрлі ән-жыр домбыра«Жас дарын» көркем сөз оқу, «Балдәурен», «Бұлбұл» ән, хор үйірмесімен қатар, «Ақ бата» әжелер ансамблі жұмыс жасайды. Осы ғимаратта №8 кітапхана орналасқан. 17349 дана кітап қорымен жабдықталған кітапханада 936 оқырман,оның ішінде, 120 оқырман - интернет пайдаланушы.
Жыл басынан бері54 мәдени көпшілік және мерекелік шаралар өткізілді. Жалпы көрермен саны -6450адам.
Ауылдық округте бұқаралық спортты дамыту мақсатында, 3 (үш) спорт ойын алаңдары, көше тренажеры және мектептерде спорттық үйірмелер жұмыс жасауда.
Samruk – Kazyna Trust" корпоративтік қоры ауыл орталығынан 239 млн. теңгеге 720 м² болатын спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
«Балалар жылы» аясында демеушілердің қаражаты есебінен 2022 жылы ауылдық округтен екі спорттық ойын алаңдары құрылысын салу жоспарланып, 20 х 40 кіші футбол алаңы мен тренажерлық құрылғылары орнатылып 1 спорт ойын алаңы пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы екінші спорт алаңын пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, №268 мектеп - лицейінің спорттық алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен бөлінген19 млн. теңгеге мердігер «АлиПроектСonstruction» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізіп пайдалануға берді. (25х45 ашық футбол алаңы газонымен және алаң сыртынан жүгіру жолағы)
.
Инфрақұрылымды дамыту бойынша
- Ауыл орталығындағы 1 км 680 мболатын 2 (екі) көшеге мердігер «Энергия Нұр» және «ОрдаМегаСтрой» ЖШС-гі түнгі жарық бағаналарын орнатып пайдалануға берді.
- Сонымен қатар, ауылдық округтегі 8 (сегіз) көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында мердігер «ҚызылордаТраст» және «АқнұрАвто» ЖШС-гі 2 км 900 м болатын Ә.Құдабаев, Ш.Беркінов, №17 көшелерге орташа жол жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстарын жүргізсе, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 5 көшеге 656 млн. 625 мың теңгеге өтінім ұсынылып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен қолдау тауып, мердігер «Ақтоған» ЖШС-гі 6 км 195 м болатын М.Тоқтамысұлы, Қ.Иманбердиев, Орманбаевтар, О.Жакенов көшесінің бас жағы, Х.Манабаев көшелеріне орташа жол жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстарын жүргізілді.
- «Ауыл -ел бесігі» жобасы аясында 68 млн. 376 мың теңгеге 1 км 430 м болатын Ә.Құдабаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім ұсынылып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен қолдау тауып, мемлекеттік сатып алу Заңдылығына сәйкес «АқнұрАвто» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізілді.
Одан бөлек, Ә.Құдабаев көшесіне 1 км 403 м болатын түнгі жарық бағаналарын орнату мақсатында28 млн. 347 мың теңгеге облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім ұсынылып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен қолдау тауып, мемлекеттік сатып алу Заңдылығына сәйкес конкурс жүргізіліп мердігер мекеме «Аi-Sultan Company» ЖШС-гі анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
- Ақсуат ауылдық округіндегі электр желілерімен қамтылмай қалған 22,5 шақырым болатын жаңадан қоныстанушы тұрғындар тұратын 32 көшені электр желілерімен қамту мақсатында қалалық бюджеттен бөлінген 4 млн. 849 мың теңгеге жоба сметалық құжаттары әзірленіп, 1 млрд. 65 млн. теңгеге республикалық бюджетке өтінім ұсынылды.
(Тапсырыс беруші: Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі).
- Ауыл -ел бесігі» жобасы аясында 100 млн. 872 мың теңгеге 1 км 165 м болатын 2 көшеге С.Стамбеков, Байтен орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім ұсынылып, 2024 жылға 90 784,0 мың теңге қаражат қаралды.
Ауылдық округ тұрғындарына №12 және №2 қоғамдық көліктер қызмет көрсетуде.
2023 жылы №12 бағыттағы автокөліктер үлкен сыйымдылықтағы жаңа автокөліктермен толықтырылса, №2 -ші қоғамдық көліктерді жаңа автокөліктермен қамтуға байланысты ұсыныс жолданды.
Ауылда жұмыс жасайтын Ардагерлер, Қоғамдық кеңесі мен «Ақсуат Жастары» қоғамдық бірлестігі мен «ӘліАрыстан» мешіт үйінің ауыл тұрғындары, ауыл жастары, мектеп оқушылары арасында тәрбие жөнінде және басқа да жағдайларға байланысты көмегі зор деп айтуға болады.
Көркейту, абаттандыру және тазалық жұмыстары бойынша
Ауылдық округте санитарлық – тазалық, көркейту – көгалдандыру жұмыстары барысында, көшелер тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылып, ағаштар мен бардюрлер әктеліп, электр бағаналарын сырлау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Ақылы қоғамдық жұмыстағы жұмысшылар да өздеріне бекітілген аумақтың тазалығын күнделікті тазалап, қадағалауда. Санитарлық - тазалықты сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.