Ақсуат ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 21 231 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында табысталған жер учаскесінің көлемі – 13751 гектар.
Ауылдық округте 4 ауылшарушылығы кооперативі, 55 - шаруа қожалығы, 14- заңды тұлға мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 468 -жеке кәсіпкер тіркеліп жұмыс жасауда.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 2712 бас мүйізді ірі қара, 1516 бас жылқы,56 бас түйе мен 2892 бас уақ малы сырғаланып, компьютерлік дерек базасына тіркелген. Құс 1348 бас.
Мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жасап жатқан қолдауының арқасында, Ақсуат ауылдық округі бойынша 541 кәсіпкерлік субъекті тіркелсе, 2023 жылы 185 кәсіпкерлік субьект тіркелген.
Ауылдық округ бойынша 2023 жылы 278,5 млн. теңгені құрайтын 44 жоба қолдау алды. Соның ішінде, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 59,7 млн. теңгені құрайтын 6 жоба.
Атап айтсақ, «Өңірлік инвестиция орталығы» микро қаржылық ұйымы арқылы «Іскер» бағдарламасы аясында 42,1 млн. теңгені құрайтын 7 жоба қаржыландырылса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Іскер» бағдарламасы аясында 10,9млн.теңгені құрайтын 2 жоба қаржыландырылды.
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында (400 АЕК)мемлекеттік қайтарымсыз грант бойынша 19,3 млн. теңгені құрайтын 14 жоба қаржыландырылды.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» аясында 21-35 жасқа дейінгі жастарға жеңілдетілген (2,5 пайыз) микрокредит беру қағидаларына сәйкес, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы құны 48,0 млн. теңгені құрайтын 10 жоба қаржыландырылды.
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында («Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында) 73,5 млн. теңгені құрайтын 4 жоба қаржыландырылды.
Сонымен қатар, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микро қаржылық ұйымы арқылы 25 млн. теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылса, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 59,7 млн. теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды.
Жұмыспен қамту
Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту аясында жыл басынан бері тұрақты жұмысқа 111 адам орналасып, ақылы қоғамдық жұмысқа - 35 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына -13 адам, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына - 21 жас, «Алғашқы жұмыс орны» - 1 адам, «Күміс жас» бағдарламасына - 17 адам қамтылды.