Білім саласы бойынша
1982 жылы 624 орындық типтік жобада салынған№143 мектептің жылу қазандықтарының ескіруіне байланысты, 2019 жылы қатты отын түрінен, сұйық отын түріне ауыстырылса, 2020 жылы "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында мектепке мердігер "Мұнай құрылыс" ЖШС-гі мекемесі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.
№143 мектепте 974 оқушы екі аусымда оқиды, оның ішінде мектепалды даярлық тобында - 45 бала тәрбиеленуде. Мектептегі мұғалімдер саны – 116.
2022-2023 оқу жылында мектеп бітіруші 40оқушының 39- ы ҰБТ-ға қатысты. Грант -32. Үздік аттестат алғандар саны -7. "Алтын белгі" иегері -2.
2013 жылы 300 орындық №268 мектеп-лицейі пайдалануға берілсе, жаңадан тұрғындар келіп қоныстанып, оқушылар санының жылдан жылға артуына байланысты қажеттілігіне сәйкес, мердігер "SCS Инжиниринг" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі мекемесі 2021 жылы 200 орындық қосымша ғимарат құрылысын салып пайдалануға берді.Мектепте 1258 оқушы екі ауысымда және мектепалды даярлық тобында-73 бала оқиды.Мектептегі мұғалімдер саны – 134.
2022-2023 оқу жылында мектеп бітіруші 31 оқушы ҰБТ-ға қатысты. Грант-24. Үздік аттестат алғандар саны -2. "Алтын белгі" иегері -3.
Мектептер спорт зал, кітапхана, мультимедия, информатика кабинетімен, интерактивті тақтамен, интернет жүйесімен қамтылған.
Сонымен қатар, 2020 жылы жеке кәсіпкердің өз қаражаты есебінен "Аңсар - Каусар - 2020" жеке бастауыш мектебі ашылып, мемлекеттік бағдарлама аясында 64 бала білім алып, қосымша әртүрлі үйірмелермен қамтылса, 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамту
Ауылдық округте «Сыр самалы» және "Асыл -Ай" бөбекжай бақшасы мен жеке «Нұрлы сәби», «Бодан ата», «Нұр - Салтанат», «Жәния-бағы» және «Наурыз бөбегі» балабақшаларында 595 бала қамтылып тәрбиеленуде.