Сержанттық құраммен оқу-әжістемелік жиын

Сержанттық құраммен оқу-әжістемелік жиын

15-16 қыркүйек аралығында Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің біліктілігін арттыру факультетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты оқу бөлімшелерінің взвод сержанттары мен бөлімше командирлерімен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Оқу-әдістемелік жиынның мақсаты взвод сержанттарының, бөлімше командирлерінің жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудегі командирлік дағдыларын арттыру, сондай-ақ жас сержанттардың жауапкершілік сезімін дамыту және арттыру болды.

Барлық сабақтар 11 пән бойынша өткізілді, оның барысында әскери қызметшілер өздерінің кәсіби даярлықтарын жетілдіруге талпыныс білдірді.

Жиын Әскери институт бастығының кездесумен аяқталды, оның барысында генерал-майор Бауыржан Әбжанов әрбір қатысушыға сертификаттар тапсырды, қорытынды жасады және сержанттар құрамына міндеттер қойды.