51 жастағы жүргізушіден 4 келіге жуық гашиш тәркіледі

51 жастағы жүргізушіден 4 келіге жуық гашиш тәркіледі

Жамбыл облысында 51 жастағы жүргізушіден төрт келіге жуық гашиш тәркіленді.

8 қыркүйекте «Қарасора – 2020» республикалық мерекелік шара кезінде Жамбыл облысы бойынша Департаменттің қызметкерлері Шу ауданы, Мойынқұм ауылында Ұлттық ұланның әскери қызметкерлерімен бірлесіп, Mazda Kronus автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісін ұстады.

Автосалонды тексеру кезінде 3 келі 660 грамм гашиш табылды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады және Шу ауданының тергеу бөлімшесіне орналастырылды, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі