
5 қыркүйекте Ақтөбе облысында Ұлттық ұлан сарбаздары полиция қызметкерлерімен бірге тұрғындардың бірінің үйінен қару-жарақ пен киік мүйіздерін тапты.
Жедел іс-шаралар барысында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы тұрғындарының бірінің үйінен полиция мен әскери қызметкерлер киіктердің 44 мүйізі мен 12 калибрлі аңшы мылтығын тапты. Енді оны қатал жаза күтіп тұр.
Барлық заттай айғақтар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша («Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе туындыларына заңсыз қатынас жасау») тергеу жүргізілуде. Бұған дейін браконьерлердің Қарағанды облысында екі жүз ақбөкенді жойғаны туралы хабарланған болатын. Қызыл кітапқа енген бұл жануарларды атуға заңмен тыйым салынған. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Тағы бір аңшы Атырауда киіктерді мотоциклмен қуып жіберді. Ол полиция алдында үлкен жылдамдықпен сүтқоректіні соғып құлатқан. Тәртіп сақшылары оны ұстады.
ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі