Жыл басынан бері Ұлттық ұлан қызметкерлері түзеу мекемелеріне 140 ұялы телефонды өткізу әрекеттерін тоқтатты

Жыл басынан бері Ұлттық ұлан қызметкерлері түзеу мекемелеріне 140 ұялы телефонды өткізу әрекеттерін тоқтатты

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен бірлесіп, жазалау орындарына және тыйым салынған заттарды өткізу мен тасымалдаудың жолын кесу бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Қазіргі уақытта Ұлттық ұланның қарауылдау және әскери жасақ бақылаушылары Қазақстанның қылмыстық-атқару мекемелерін қорғауда. Күн сайын осы мекемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазасын өтеушілердің тәртібін бақылау үшін 2000-ға жуық әскери қызметші кезекшілік атқарады.

Биыл күзет қызметі мен әскери жасақ бақылаушылары тыйым салынған заттарды өткізудің 20 оқиғасын болдырмады.

 140 ұялы телефон, 152 SIM-карта, 45 пышақ пен өткір құрал, 420 гр. астам марихуана, 20 литр спирттік сусындар тәркіленді. 17 заң бұзушы ұсталып, тергеу-жедел топқа тапсырылды.

Айта кетейік, қылмыстық-атқару жүйесінде заңдылық пен тәртіпті сақтау Ұлттық ұланның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі