
Жаңаөзенде «Батыс» ӨңҚ 5548 әскери бөлімінің күзетшілері жоғалып кеткен төрт жасар баланы дереу тауып, ата-аналарына қайтарып берді.
4 жасар баланың анасы баланың жоғалуы туралы жедел басқару орталығына хабарлған. Ата-аналар 27 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында нәресте өз үйінің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткенін айтқан. Өз бетінше іздестіруден кейін отбасы полицияға жүгінуге шешім қабылдаған.
Дереу баланың белгілері мен бағдары туралы Ұлттық ұланның барлық әскери жасақтарына хабарланады.
40 минуттан кейін құрамында жасақ бастығы қатардағы Ермұхан Бердімұратов пен патрульдік қатардағы Мұса Қарымсақов және Әли Балғабаевтан тұратын әскери жасақ бұрын алынған бағдарға сай жылап жатқан баланы байқайды.
Әскери жасақ баланы тыныштандырады. Ол оның аты Жаңабек екенін және үйге барар жол есінде жоқ сондай-ақ мекен-жайын да білмегенін айтады.
Әскери қызметшілердің қырағылығы, жеделдігі мен шебер қимылдарының арқасында жоғалған бала қысқа мерзімде табылды. Бақытымызға орай, бала жарақат алған жоқ және ата-анасына тапсырды. Қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындаудағы қырағылығы үшін барлық әскери қызметшілерді 5548 әскери бөлім командирінің бұйрығымен марапатталды.