
Ер адамның өзі мас күйінде болған және оның қалтасынан бір бума есірткі табылған.
25 тамызда, сағат 17:20 шамасында, Петропавл қаласында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде 6637 әскери бөлімінің күзетшілері әскери киімді көріп, үйлердің аулаларына қашып кеткен күдікті азаматты байқады.
Әскери жасақтың бастығы сержант Жасұлан Кутеев пен патрульдік қатардағы жауынгерлер Рүстембек Бәтеев пен Сержан Шуженов бірден қашып бара жатқан азаматқа қарай беттеді.
Адамды іздеу үшін «Арыстан» атты қызметтік ит қолданылған. Қызметтік ит дереу іздейді. Ол осы азамат бұталарда жасырынып тұрған үйге алып барған.
Азаматтың мән-жайлары мен жеке құжаттары нақтыланып, оның барысында ер адам есірткі мас күйінде болғандығы анықталды. Оны жергілікті полиция бөліміне жеткізгеннен кейін, полиция қызметкерлерімен тінту кезінде сұрғылт-жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі