Ұлттық ұланда қысқы оқу кезеңі басталды

Ұлттық ұланда қысқы оқу кезеңі басталды

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы мен әскери бөлімдерінде жаңа оқу кезеңі басталды. Ұландықтар жан-жақты дайындықты сандық және сапалық тұрғыдан нығайту бойынша міндеттерді орындауға кірісті.

Бұл күні құқықтық тәртіп әскерлерінің Бас қолбасшылығы, әскери бөлімдері мен өңірлік қолбасшылықтарының аумағында оқу-профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді.

Сабақ басталар алдында Бас қолбасшылықтың әскери қызметшілері

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының батырлары - қатардағы жауынгерлер Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаровты бір минут үнсіздікпен еске алды, себебі олар еліміздің тыныштығы мен амандығы үшін қойылған міндеттерді орындау барасында құрбан болған еді.

Кадр және әскери білім басқармасының бастығы генерал-майор Нұрбол Міртаев өткізген мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағының тақырыбы «Қазақстан Республикасының Президенті – елдің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының өсуі» жайында болды. Сабақтар практикалық түрде де, елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси және әскери-техникалық дамуының негізгі бағыттары бойынша оқу мәселелерін қарау форматында да өткізілді.

Әскери қызметшілер оқудың бірінші күнінде мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік даярлық тақырыптарын зерделеді.  Қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету, атыс және дене шынықтыру дайындығы барысында жұмыстарды орындау кезінде, сондай-ақ шаруашылық күндерін өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша кешенді сабақтар өткізілді.

Жауынгерлік дайындық әскерлердің тіршілігінің негізі екенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Ұлттық ұланға мемлекет ішінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша аса маңызды міндеттер жүктелген. Өткен жылы патрульдік-бекеттік қызметті атқару үшін күн сайын патрульдеу маршруттарына автомобиль және бірлескен патрульдеу маршруттарында 5,5 мыңнан астам әскери қызметші бөлінді. Құқық тәртібі әскерлерінің әскери қызметшілері патрульдік-бекеттік қызметтің 3,3 мыңнан астам міндетін орындады, 14 мыңға жуық құқық бұзушы ұсталды және оның ішінде 600-ден астамы қылмыс белгілерімен ІІО-на жеткізілді.

Бірақ қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау жоғары кәсіби даярлықсыз, жауынгерлік білімсіз және әскери шеберліксіз мүмкін емес. Сондықтан әрбір әскери қызметші үшін оқытудың жаңа кезеңі кәсіби білім мен дағдыларды жетілдірудің кезекті кезеңі болып табылады.

Жыл бойы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері саптық, тактикалық және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтерді пысықтайды, ату жөніндегі нормативтерді орындайды, кәсіптік-лауазымдық және мемлекеттік-құқықтық даярлық, сондай-ақ жалпы әскери жарғы бойынша білімдерін жетілдіретін болады.

Ұлттық ұланның жауынгерлік дайындық деңгейін қалыптастыру елдің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып қала береді, бұл елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды, қазақстандық азаматтардың бейбіт жасампаз еңбегін іске асырудың басты шарттарының бірі болып табылады.

Жоғарғы Бас Қолбасшының қолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері өздерінің практикалық істерімен әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін жан-жақты арттырып, әскери тәртіпті нығайтып, қойылған қызметтік-жауынгерлік міндеттерді сапалы орындап, өздерінің кәсіби дағдыларын ұдайы жетілдіріп отыруы тиіс.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі