Жетісу ұландары жоғалған смартфонды иесіне қайтарды

Жетісу ұландары жоғалған смартфонды иесіне қайтарды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5514 әскери бөлімінің сарбаздары Талдықорған қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде "OPPO A3" маркалы телефонын тауып, заңды иесіне қайтарды.

23 қазан күні сағат 18.20 шамасында Гауһар ана көшесін барлау барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Мақсат Үсербай, патрульші сарбаздар Низамиддин Құлмаханұлы және Бағдәулет Берік жол жиегінде жатқан сұр түсті смартфонды байқап қалады. Әскери қызметшілер бұл туралы дереу патрульдік топ бастығына хабарлайды.

— Қызмет бағытымен жүріп келе жатып, жол бойында ұялы телефон жатқанын көрдік. Алайда сөндірулі екен. Бәлкім суықтан, мүмкін қуатының аздығынан болар. “Заңды иесі іздеп, қоңырау шалса, хабарласып үлгерер” деген ниетпен қосып қойдық та, қызметімізді жалғастыра бердік. Біраз уақыттан кейін алдымыздан бейтаныс азаматша шығып, телефонын түсіріп алғанын айтып, табуға  көмектесуімізді өтінді. Әңгімелесу барысында смартфонның осы қызға тиесілі екеніне көз жеткіздік, - дейді қатардағы Мақсат Үсербай.

Қуанышын жасырмаған бойжеткен Ұлттық ұланның әскери жасағына қырағы және адал қызметтері үшін алғысын білдірді.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы “Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі