
8 тамыз күні сағат 23.45 кезінде Жедел басқару орталығына шағым түседі. Шағымданушы жігіттің айтуынша, Әуезов даңғылындағы аялдамада оған қолында тапаншасы бар 25-30 жас аралығындағы ер адам қоқан-лоққы көрсеткен.
Әскери жасақ бастығы қатардағы Дамир Қабиденов, патрульдер Жасұлан Ищанов және Андрей Нұрпейісов айтылған мекен-жайға шұғыл келіп, айналасындағы адамдарға қару кезеніп тұрған азаматты көреді.
Жауынгерлер өз өмірлеріне төніп тұрған тікелей қауіпке қарамастан, жекпе-жек тәсілін қолдана отырып шапшаң қимылдап, бұзақыны құрықтайды.
Құқық бұзушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 115-бабы 1-тармағына сәйкес, яғни «өлтірумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтірумен қорқыту» бойынша ұсталып, Әуезов ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Аалған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі