
Орал қаласында Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен жүрген ер азаматты ұстады.
31 шілдеде сағат кешкі 19.25 шамасында Ұлттық ұлан 5517 әскери бөлімінің құрамында патруль бастығы қатардағы Айболат Абсет және патрульшілер Нәби Қожахметов пен Иван Жуков бар әскери жасағы қызмет атқару барысында «Марина» дәмханасының қасынан өте бергенде ер азаматты байқайды. Оған назар аударған себебі, әлгі азамат әскерилерді көре салысымен із суытпақ болған.
Дегенмен, күдікті азамат алысқа қаша алмады. Әскери жасақ оны тез арада қол түсіреді. Құжаттарын тексеру және тыйым салынған заттары бар- жоғына сыртқы тексеріс жүргізу барысында куәгерлердің қатысуымен күдіктінің сол жақ қалтасынан қолдан жасалған пышақ тәркіленеді.
Суық қару жасырған азамат полиция қызметкерлеріне табысталды. Қызмет атқару барысында жоғары кәсібилік пен жеделдік танытқан әскери жасақ әскери бөлім командирінің құқығымен марапатталды.
«Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі