
5 тамыз күні Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі жауынгерлері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жерұйық» саябағында қоғамдық тәртіпті күзету кезінде жерде жатқан ұялы телефонды көріп қалады.
Әскери жасақ бастығы қатардағы Әмірхан Дәулетов, патрульдер Қадір Қасенов және Оразхан Қадыров сағат 22.30 шамасында «Redmi 7A» телефонын тауып алғаны жөнінде автопатрульдік топ бастығына баяндайдыи.
Осы уақытта қоңырау шалған адам өзін осы телефон иесімін деп таныстырады. Көп ұзамай ол ұландықтарға келіп, телефон жадындағы мәліметтер арқылы оның өзіне тиесілі екенін дәлелдейді. Сондай-ақ, ол қырағылық танытып, телефонның басқа біреудің қолында кетуіне жол бермеген ұландықтарға рахметін айтты.
ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметі