
Нұр-Сұлтандағы жедел құрама жауынгерлері патрульдік қызмет барысында жолда жатқан көлік кілтін көріп қалады.
29 шілде күні сағат 19.30 кезінде Есіл ауданындағы «Бургер кинг» дәмханасы маңында келе жатқан 5573 әскери бөлімінің жасағы жерден көлік кілтін тауып алады.
Жасақ бастығы қатардағы Жамболат Қамидоллаев, патрульдер Нұртілек Абатов пен Алмаз Мамыров Сарайшық көшесі бойынан «Priora» көлігінің кілтін тауып, патрульдік топ бастығына хабарлайды.
Арада бірер уақыт өткенде ұландықтарға ер адам келіп көлігінің кілтін жоғалтып алғанын айтады әрі оны суреттеп береді. Табылған кілттің осы адамға тиесілі екенін нақтылаған әскери жауынгерлер, оны иесіне табыстайды. .
Көлік иесі қызметін адал атқарып жүрген жауынгерлерге алғыс білдірді.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі