Астанада ұландықтар Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

Астанада ұландықтар Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады

2024 жылғы 2 қыркүйекте Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамы үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: "Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм" Жолдауын тікелей эфирде көру ұйымдастырылды.

Акт залында өткен іс-шарада Мемлекет басшысының Қазақстан халқына кезекті үндеуі көрсетілді.

­ Жас жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуге баратын әскерде заң мен тәртіптің сақталуы өте маңызды. Сарбаздар өз міндеттерін дұрыс орындай алуы үшін Қарулы Күштер мен басқа да күш құрылымдарында ең алдымен темірдей тәртіпті қамтамасыз ету қажет.

Ата-аналар ұлдарын мемлекетке сеніп тапсырады, сондықтан олардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін армия мен құқық қорғау органдарының басшылығына ерекше жауапкершілік жүктеледі.

Біз заң мен тәртіпке, білімге және прагматизмге негізделген қоғам құруымыз керек. Ұлт табысының кепілі — азаматтардың, әсіресе жастардың мәдениеттілігі, ынтымақтастығы мен жасампаздығы деп білемін. Өркениетті ел болу үшін біз теріс мінез-құлықтардан, заңсыз әрекеттерден арылуымыз керек.

Біздің ұлттық мінезіміздің айрықша белгілері қашанда ашықтық пен төзімділік еді. Бұл қасиеттер біздің халқымыздың басты құндылықтары – бірлік пен келісімнің негізінде жатыр.

Қазақстанда тілдік, конфессиялық, этникалық немесе әлеуметтік белгілері бойынша ешқандай қудалау жоқ және болмайды. Жекелеген жағдайлар, арандатулар, әрине, орын алады, бірақ олар кейбір азаматтардың жауапсыздығынан, надандығынан туындайды. Құқық қорғау органдары заң бойынша мұндай фактілердің жолын кеседі, - деп атап өтті Қарулы Күштердіі Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым – Жомарт Тоқаев.

Президенттің Жолдауы бойынша Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов түсіндірме сөз сөйледі. Ол Мемлекет басшысының жүргізіп жатқан саясатының маңыздылығын атап өтті.

— Мемлекет басшысы біздің жұмысымызға ерекше назар аударды. Жас жігіттер Отан алдындағы азаматтық борышын өтейтін әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы ерекше маңызға ие. Сарбаздар өз міндеттерін дұрыс орындай алуы үшін Қарулы Күштер мен басқа да күш құрылымдарында ең алдымен темірдей тәртіпті қамтамасыз ету қажет.

Әскери бөлімдерде, құрамаларда, қызметтер мен басқармаларда әскери тәртіпті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі жұмысқа назар аудару талап етіледі. Біздің әрқайсымыз — тәрбиешіміз, – деп түйіндеді құқықтық тәртіп әскерлерінің бас тәрбиешісі Қайрат Үмбетов.

Қазіргі уақытта Қазақстанда конституциялық және қоғамдық тәртіптің сақталуына, ұландықтар қазақстандықтардың бейбіт әрі жасампаз еңбегін қорғай отырып, ішкі шепте өздерінің жауынгерлік қызметі арқылы елеулі үлес қосуда.

 

ІІМ ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі