
|
25 шілде күні сағат 20.30 кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалау кезінде 5571 әскери бөлімінің жасағы 4 және 5 жасар екі қыз баланың жоғалғаны туралы хабарлама алады. Хабарламада олардың дүкенге шығып, қайта оралмағандығы айтылған. Өз еркімен іздегенмен ешбір нәтиже шықпаған соң, қыздардың ата-анасы әскери жасақтан көмек сұрайды. Арада жарты сағат өткенде қатардағы Мирас Бөпенов, Олег Еремеев, Виктор Братчиков қаланың Науаи және Әл-Фараби көшелерінің қиылысынан ақпаратта айтылған балаларды тауып алады. Қос бүлдіршінін аман-сау табыстаған ұландықтарға қыздардың әкесі жедел көмегі мен адал қызметі үшін алғыс білдірді.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі |