Елордалық ұландар жоғалған телефонды иесіна табыстады  

Елордалық ұландар жоғалған телефонды иесіна табыстады   

26 шілдеде сағат 18:40 шамасында 5573 әскери бөлімінің сарбаздары Нұр-Сұлтан қаласының «Жерұйық» саябағындағы орындықтардың бірінен «Samsung» ұялы телефонын тауып алады.

Бұл туралы әскери жасақ бастығы патрульдік топ бастығына рация арқылы баяндайды. Көп ұзамай телефонға белгісіз азамат қоңырау шалып, өзін телефон иесімін деп таныстырады.

Кездесу кезінде жауынгерлер табылған смартфонның шын мәнінде осы адамға тиесілі екеніне көз жеткізген соң, оны қайтарады.

Қызметте жоғары жауапкершілік пен адамгершілік танытқан қатардағы Саламат Сарыбаев, Әділет Дастан және Данияр Жолайға телефон иесі ризашылығын білдірді.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі