ҚР Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы жауынгер Е.Х.Мұхтардың ауруханаға түсу фактісі бойынша
РЕСМИ АҚПАРАТ
04.12.2023 жылы сағат 02:15 шамасында 5571 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбазы қатардағы Мұхтар Ербаян Хамитұлы дәретханадан шыққан кезде құлап, басы еденге ұрылып, есінен танып қалды.
Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бұдан әрі жедел медициналық жәрдем бригадасы аталған әскери қызметшіні қалалық ауруханаға жеткізді.
Қазіргі уақытта қатардағы Е.Х. Мұхтар Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың неврологиялық бөлімшесінде емделуде. Жалпы жағдайы тұрақты ауыр, нашарлаусыз. Толық ем көрсетілуде.
Жарақат алу фактісі бойынша әскери полиция қызметі қылмыстық істі тергеп, кешенді сараптама жүргізуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының “Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі