Ұландықтар гір спортынан сайысқа түсті

Ұландықтар гір спортынан сайысқа түсті

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының спорт залында гір спортынан жеке-командалық біріншілік өтті. Жарысқа басқармалардың, қызметтер мен орталықтардың құрама командалары, сондай-ақ Ұлттық қорғаныс университетінің Ұлттық ұлан факультетінің командасы қатысты.

Жарыстың басты мақсаты – әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығын арттыру, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді табысты орындауға дайындық, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ мықты спортшыларды анықтау.

Жарыс жоғары кәсіби деңгейде өтті. Қатысушылар жоғары спорттық бәсекелестік пен жеңіске деген ерік-жігер байқатты.

Жалпы командалық есепте гір спортынан бірінші орын үшін кубокты "Б" орталығының командасы жеңіп алды. Екінші орынды Жауынгерлік даярлық бас басқармасы мен Әскер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі басқармасынан құралған құрама команда иеленді. Байланыс басқармасының спортшылары үшінші орынға табан тіреді.

35 жасқа дейінгі топтағы жеке біріншілікте 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «Б» орталығының аға офицері майор Иван Панасюк бірінші орын иеленді. Екінші орынды Ұлттық ұлан факультетінің топ магистранты майор  Данияр Абдрахманов иеленсе, үшінші орынды Жауынгерлік даярлық бас басқармасы дене шынықтыру дайындығы және спорт бөлімінің офицері аға лейтенант Ренат Жетпісбай жеңіп алды.

Жеке есепте 35 жасқа дейінгі топта 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бірінші орынды «Б» орталығының аға офицері майор Ерік Мұсайыпов алды. Жеңіс тұғырының екінші сатысына Байланыспен қамтамасыз ету орталығының аға офицері подполковник Серік Сейітқазинов шықса, үшінші орынды Жауынгерлік даярлық бас басқармасы дене шынықтыру дайындығы және спорт бөлімінің офицері майор Әсет Байсбаев иеленді.

Жеке есепте 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 35 жастан асқан топта бірінші орын Ұлттық ұлан спорт командасын даярлау орталығының бастығы (бас жаттықтырушы) полковник Руслан Жақыпековке бұйырды. Екінші орынды «Б» орталығының аға офицері майор Ержан Айтуғанов иеленсе, үшінші орынды Ақпараттық-техникалық орталығының бастығы подполковник Евгений Шалойко алды.

35 жастан асқан топтағы жеке біріншілікте 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бірінші орынды «Б» орталығы бастығының орынбасары подполковник Денис Микряков алды. Ал екінші орынға Командалық пункттің байланыс торабының бастығы майор Мамед Әлиев жайғасты. Үздік үштікті Ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасы шақыру және жасақтау бөлімінің аға офицері полковник Асылбек Төлеков түйіндеді.

«Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясында Күрделі құрылыс және пәтерлендіру басқармасының бастығы полковник Руслан Қасенов пен Бюджет-қаржы басқармасының орынбасары - бөлім бастығы полковник Алексей Малых грамотамен марапатталды.

Марапаттау рәсімінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал - майор Бауыржан Әбжанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініңорынбасары-Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан жеңімпаздарды ауыспалы кубокпен, дипломдармен және грамоталармен марапаттады.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі