
17 маусым күні 5546 әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник Руслан Садықовтың жетекшілігімен, сағат 09.30-11.00 аралығында түзеу мекемесінің медициналық-санитарлық бөлімінде, монша-кір жуу кешенінде және асханаларында жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру тобын Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету жөніндегі атқыштар ротасы бақылаушылар взводының командирі аға сержант Әлимұхан Баяуов, бөлініс бастығы сержант Ербол Қайыров, әскери жасақ бастығы аға сержант Ерлан Айымов, 1 бақылаушылар взводының маманы ефрейтор Амангелді Бабанов және мекеме әкімшілігінің қызметкерлері құрады.
Тексеру нәтижесінде медициналық-санитарлық бөлім еденіне, монша-кір жуу кешенінің терезе жақтауларына жасырынған заттар табылды. Дәлірек айтсақ, «SAMSUNG GALAKSI mini S4», «Nokia» ұялы телефондары, Wi-Fi роутері және ұялы телефон аксессуарлары шықты. Тәркіленген заттар олардың кімге тиесілі екенін нақтылау мақсатында режимдік бөлімге табыс етілді.