Ұлттық ұлан подполковнигінің қызы Азия чемпионы атанды

Ұлттық ұлан подполковнигінің қызы Азия чемпионы атанды

Ағымдағы жылдың 4-7 наурызы аралығында  Филиппин Республикасы  Нью-Кларк қаласында өткен  Мәнерлеп жүзуден Азия Чемпионатында қазақстандық бір топ бүлдіршін жеңіске жетті.

Арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы  3660 әскери бөлімі командирі подполковник Жангелді Абдықадыровтың қызы Жансая Абдықадыр бар.

Аталмыш біріншілікте жауқазындай командир қызы чемпион атанды. Жансая Алматы қаласындағы №148 гимназия мектебінің 5 сынып оқушысы. Үйінде үш ағайынды, Жансая екінші перзент. Анасы Мақпал қыздың спортпен шұғылдануына көп еңбек сіңірді. Әкесі Жангелді де уақытың тығыздығына қарамастан қызына үнемі қолдау көрсетіп жүрді. Енді  әскери отбасының қуанышына шек жоқ.

- Әкем үнемі маған қолдау көрсетіп жүреді. Уақыт тауып, жаттығуларыма да келіп жүрді. Ол мен үшін үлгі. Мен де өскенде әкем секілді Отаныма өз пайдамды тигізгім келеді,- дейді кішкентай Жансая.

Айта кету керек, бұл Азия чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін өте сәтті болды. Қазақстандық спортшылар түрлі жас санаттарында 20 Алтын медаль жеңіп алды.

   

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі