Қызметтік көлік кілттері табысталды

Қызметтік көлік кілттері табысталды

10 маусым күні Нұр-Сұлтандағы қамтамасыз ету полкінде әскери көлік жүргізушілерінің қызметтік көлік кілттерін табыстау рәсімі өтті.

Олар 50, 150, 300 километрлік марштарды сәтті тапсырған соң, екі апталық тағылымдамаға жіберілген болатын. Осындай түрлі дайындықтарда үздік нәтиже көрсеткен 2-2019 шықырылымының жауынгерлері бүгін 1-2019 шақырылымының білікті де тәжірибелі жүргізушілері қолынан қызметтік көліктердің кілттерін алды.

Яғни, бір сөзбен айтқанда, қызметтік көлік тізгінін қолға алған жүргізуші жауынгерлер психологиялық-моральдық тұрғыдан да, тәрбиелік-кәсіби жағынан да өздеріне жүктелген міндетті атқаруға әбден дайын.