Нұр-Сұлтанда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері өртенген гараж маңындағы тұрғындардың қауіпсіздігін қорғады

Нұр-Сұлтанда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері өртенген гараж маңындағы тұрғындардың қауіпсіздігін қорғады

Оқиға 31 мамыр күні сағат 18.40 шамасында орын алған. Патрульдік қызмет барысында 5573 әскери бөлімі 8 жедел мақсаттағы ротасының әскери жасағы Егемен Қазақстан көшесінде орналасқан гараж шатырынан шығып жатқан түтінді байқайды.

Жасақ бастығы қатардағы Әлішер Наскен, патрульдер Әлижан Қойбағар мен Ердәулет Еркінбек оқиға орнына жылдам бағыт алып, жөл-жөнекей патрульдік топ бастығы аға лейтенант Азамат Түшкеновке баяндайды.

Ұландықтар уақыт жоғалтпай, өрт сөндіру қызметі келгенше гараж маңындағы үйлердің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа оқшаулайды.  

- Оқиға орнына келгенде өрт бір гараждан екіншісіне өтіп жатыр екен. Тұрғындарға төніп тұрған қауіпті аңғарып, оларды дереу қауіпсіз жерге шығардық. Сондай-ақ өрт аймағын қоршауға алып, қауіпсіздік шараларын ұйымдастырдық. Көп ұзамай ТЖ департаментінің мамандары келіп, өртті толық ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ, - дейді аға лейтенант Азамат Түшкенов.

Айта кетелік, бұл жыл басынан бері елордалық жедел құрама әскерилерімен ауыздықталған, алды алынған бесінші өрт оқиғасы.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі