
29 маусым күні сағат 21.00 кезінде «Ботаникалық бақ» саябағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген әскери жасақ жалғыз жүрген баланы байқап қалады.
Жасақ бастығы қатардағы В. Маковичук, патрульдер И. Әбдікәрімов пен Ж. Амангелді адасқан бала туралы бірден әскери жасақтар кезекшісіне баяндайды.
Өздері уақыт жоғалтпай баланың ата-анасын іздеу шараларына кіріседі. Көп кешікпей анасын тауып, оған баланы табыстайды. Кішкентай қызынан көз жазып өқалған ана ұландықтарға шұғыл көмегі үшін алғысын айтып, енді баланы қараусыз қалдырмауға уәде берді.
Аталған саябақта тағы бір әскери жасақ кәсібилік танытты. Патрульдік топ бастығы ефрейтор Бахтияр Жүсіпов пен патрульдер қатардағы С. Мордовский мен Е. Таш белгісіз бойжеткенге сөмкесін қайтарып берді. Ол велосипедпен кетіп бара жатып сөмкесін ағаштар арасына түсіріп алған екен. Сөмкеде құжаттар, ұялы телефон, сондай-ақ 17 мың теңге көлемінде ақша болған.
Сол күні, арада бір сағат уақыт өткенде «Жерұйық» саябағында ұландықтар ересек адамсыз жүрген жасы жобамен 3-ке кеп қалған балақайды көреді.
Бұл туралы патрульдік топ бастығыны ақпарат беріп, баланың жақындарын іздестіре бастайды. Белгілі болғандай, балана әпкесі де іздеп жүрген екен. Аман-сау, құламаған, жыламаған інісін көрген қыз қатты қуанады. Дер кезінде көмек көрсеткен Диар Бауыржанов, Нұржан Байгенжин және Майданбек Ахметовке, сонымен қатар олардың командирлеріне ризашылығын білдірді.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі