«Байқоңыр» ауданының әкімі Ұлттық ұланның қызметімен танысты

«Байқоңыр» ауданының әкімі Ұлттық ұланның қызметімен танысты

Астана қаласының "Байқоңыр" ауданының басшысы Талғат Рахманберді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6636 әскери бөліміне барды. Әкімді бөлім командирі полковник Ерлан Буранбаев қарсы алды. Саптық алаңда құқықтық тәртіп әскерлерімен қаруланған техника мен қарудың барлық түрлері көрсетілді.

Полк командирі әскери бөлімнің  қызметтік-жауынгерлік қызметі туралы баяндады. Одан кейін  Талғат Рахманберді әскери қалашықпен танысты және материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының бөлімшесіне, асханаға, медициналық пунктке, кинологиялық қызметке, тир және полк клубына барып, әскери объектілердің жағдайын өз көзімен көрді. Ал клубта  Ұлттық ұлан туралы презентациялық ролик көрсетілді.

Бұдан әрі бірлескен қызметтік кеңес өткізілді және бөлім басшылығымен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың перспективалық жоспарлары талқыланды.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі