
Екі бірдей бала жоғалу дерегі мамырдың 17 күні орын алды. Алғашқы оқиға туралы хабар сағат 21.00 шамасында белгілі болды. «Жерұйық» саябағында патрульдік-бекеттік қызмет атқару барысында әскери жасақ бастығы қатардағы Айбек Тілеген бастаған жауынгерлерге бір азаматша келіп, 10 жасар ұлының жоғалғаны туралы айтады.
Қатардағы Тілеген баланың жоғалғаны туралы патрульді топ бастығына баяндайды және байланыс құралдары арқылы басқа жасақтарға оның белгілерін жеткізеді.

Жарты сағат өткенде әскери жасақ бастығы қатардағы Тайыр Шайхиевтан хабар келеді. Ол патрульшілер қатардағы Бақытжан Дабылбаев және Ержан Жолдыбаев Абылайхан көшесінің бойында көрсетілген белгілерге келетін баланы байқағанын айтады.
Бұл туралы дереу балақайдың ата-анасына хабар беріліп, қуаныштарын жасырмаған олар ұландықтарға үлкен алғысын білдірді.
Сол кеште сағат 19.30-да Ботаникалық бақта патрульдеу бағытында жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы Дмитрий Власов және патрульшілер Дмитрий Войкин мен Асылхан Еркебаевқа көмек сұрап бір әйел жақындады. Ол бес жасар қызынан көз жазып қалғанын айтады.
Ефрейтор Власов тез арада арнайы белгілер бойынша іздеу салып, бұл туралы көршілес жүрген әскери жасақтарға ақпаратты жеткізеді. Бірнеше минуттан соң қыз жауынгерлердің көмегімен саябақтан табылып, анасы қызымен қайта қауышады.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі