Ақтөбе облысының әкімі Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды

Ақтөбе облысының әкімі Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды

2023 жылғы 10 қазанда Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласында орналасқан Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөліміне барды.

 

Сапар барысында Асхат Берлешевич әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің зияткерлік және рухани дамуы үшін әскери қалашық аумағында салынып жатқан екі қабатты 350 орындық мәдени-демалыс орталығының құрылыс барысымен танысты. Ғимараттың құрылысы қыркүйек айының басында басталды. Орталық пайдалануға 2024 жылдың күзінде беріледі деп жоспарланған.

Сондай-ақ, өңір басшысы әскери бөлім орындайтын міндеттермен, оқу-материалдық базамен және бөлімшелердің тұрмыстық жағдайларымен танысты.

 

Әкім әскерге шақыру бойынша әскери даярлықты, жауынгерлік қызметті және әскери қызметшілердің тұрмысын жақсартуға байланысты негізгі мәселелерді нақтылады және олардың шешімдерін іске асыруға көмектесуге уәде берді.

 

ҚР Ұлттық ұланының "Батыс" ӨңҚ баспасөз қызметі