
12 мамыр сағат 21.30-де Республика даңғылы бойындағы «Алтын» дүкенінің маңында патрульдеу бағыты бойынша келе жатқан Ұлттық ұлан 5516 әскери бөлімінің әскери жасағы жылап тұрған кішкентай қызды байқайды.
Жедел мақсаттағы рота командирі аға лейтенант Ақылбек Сәрсенбекұлы мен аға маман қатардағы Мейір Төлебаев 4 жасар қызбен әңгімелесу барысында оның серуендеу кезінде жоғалып кеткені туралы анықтайды.
Әскери жасақ бойынша кезекшісі және патрульші аулаларды айналып жүру арқылы кішкентай қыздың анасын тауып алады. Ол кезегінде бүлдіршінді қиын жағдайда қалдырмаған ұландықтарға алғысын білдірді.
ҚР Ұлттық ұланының баспрасөз қызметі