
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде Қостанай облысындағы шекарада арандатушылық болды деген ақпарат тараған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және жалған екенін хабарлайды.
Видеода ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Қостанай қаласында өткен жоспарлы далалық оқу-жаттығу жиынына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының автокөліктер колоннасының бара жатқанын көруге болады.
Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.