Әскери тәрбиешілер Шығыста бас қосты

Әскери тәрбиешілер Шығыста бас қосты

         Ұлттық ұланның  "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3477 әскери бөлімінің  Дағдарысқа қарсы оқу-жаттығу орталығы  базасында ҚР Ұлттық ұланының тәрбие құрылымдары офицерлерінің практикалық даярлаудың  үш күндік жиыны басталды.
         Жиынға еліміздің түпкір-түпкірінен  өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының, Академия бастығы мен әскери бөлімдер мен «Б» арнайы жасақ  командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысуда. 50 ден астам әскери тәрбиешілер бас қосқан  оқу-әдістемелік жиында талқыланатын тақырып баршылық.

         Жиынды бастап келген Ұлттық ұлан бас қолбасшысының  тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов әскердегі жеке құрамның тәрбие жұмысын жаңа деңгейге  көтеру үшін бірқатар маңызды мәселелерге баса мән беруге шақырды. Әскердің өз ішінде түйіні шешіле қоймаған түйткілді мәселелерге түбегейлі нүкте қою үшін, әуелі оны ашық талқыға салып, шешілу жолдарын ұсыну қажет.

         Осынау  жұмысты бір ізге салу үшін ҚР Ішкі істер министрінің  «Ұлттық ұлан әскерилері бойында жаңа заман талабына сай  моральдық, әскери, жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыру бойынша тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарын ұйымдастыру» атты 2023 жылдың 15 мамырындағы №396 бұйрығы аясында  алғашқы сабақ  нұсқаулық-әдістемелік бағытта өтті.

         Ұлттық ұланның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі Бас басқармасының бастығы полковник Александр Крамар  жеке құраммен  тәрбие жұмыстары мен психологиялық және идеялогиялық жұмыстарды  жаңғырту бағытындағы бұйрықтың негізгі әрі маңызды тетіктерін қалай жүзеге асыру керектігін жеткізді.

         Сонымен қатар  жеке құраммен жұмыс істеудің негізгі нысандары мен әдістері талқыланып, әр офицер  басшылық құжаттарды қаншалық меңгергендіктері тексеріліп,  жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері бойынша сынақтардан өтті.

         Ұлттық ұлан ардагері, запастағы полковник  Мұрат Атибеев  «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланындағы офицерлік жиынның қазіргі жағдайы» туралы  әскери тәрбиешілермен кеңінен талқылап, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы  запастағы полковник Айдар Оразбаев  «Әскери қоғамдық ұйымдары мен  « «Сарбаздар анасы комитетімен бірлесе жұмыс атқару турасында сонымен қатар,  Ұлттық ұлан сапындағы әскерилер арасында  құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жасалған профилактикалық жұмыстар» тақырыбында   нұсқаулық-әдістемелік сабақ жүргізді.

          Сонымен қатар, «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналы редакциясының аға офицері  полковник Қуаныш Қожахметов  әскери тәрбиешілерді бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасауда қандай негізгі қағидаларға мән беру қажеттігі турасында кеңінен дәріс өткізді. Ұлттық ұланмен байланысты шыққан  кейбір жалған ақпарат қоғам арасында резонанс тудырып жатады.Мұндайда, шұғыл әрекет етіп, қысқа мерзімде нақты әрі толық расталған мәліметті жариялауға  тырысу қажет. БАҚ-пен жұмыс жасау барысында өңірлік қолбасшылықтардағы  баспасөз қызметі басшыларының жұмысын одан әрі жандандыру үшін бірқатар ұсыныстар айтты.

          Іс - шараның басты мақсаты әскерлерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелерін жетілдіру, жеке құрам арасында әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті, сондай-ақ әскери-патриоттық жұмысты нығайту болып табылады. Бұл ретте әскери қызметшілер арасында моральдық-психологиялық дайындық пен суицидтің алдын алуға, жарғылық емес қарым-қатынастарды жоюға ерекше назар аударамыз. Сонымен қатар, әскери тәрбиешілер осы үш күнде жаңа білім алып, жинақталған тәжірибелерімен бөліседі. ҚР Ішкі істер министрі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының талаптары аясында әскердегі жаңартылған басшылық тәрбие жұмысы мен басшылық құжаттар талқыланады. Олардың мәні мен мақсаты жеткізілді.
Сондай-ақ, әскери қызметшілермен қажетті тренингтер мен сабақтар өткізіледі, жеке құрамды тәрбиелеу бойынша озық модельдер қаралады. Ерекше көзге түскен офицерлерге марапаттар мен естелік сыйлықтар беріледі. Жиынға қатысушылармен барлық іс-шараларды өткізу нәтижесінде құқықтық тәртіп әскерлеріндегі тәрбие жұмысын жақсартуға оң әсер ететін нақты нәтижелер алынады деп күтілуде.

 

 ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі