Алматыда ұландықтар 15 минут ішінде жоғалған баланы анасына қайтарды

Алматыда ұландықтар 15 минут ішінде жоғалған баланы анасына қайтарды

28 сәуір сағат 20.15 шамасында Медеу ауданындағы патрульдік жасаққа әйел адам келіп көмек сұрайды.

 Қобалжыған ана 40 минут бойы жоғалған 4 жасар баласын таба алмаған екен. Тәртіп сақшысы полиция аға сержанты А. Тұрымбаев, ұландық жауынгерлер қатардағы Әсет Мақұлов және Евгений Гильгерт мән-жайды білісімен бірден жоғалған баланы іздеуге кірісті.

Патрульдік жасақтың жедел іс-қимылының арқасында жоғалған бала анасының өтінішінен соң 15 минут ішінде балалар алаңынан табылды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі