Алматыда ұландықтар жоғалған баланы тапты

Алматыда ұландықтар жоғалған баланы тапты

Құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері қаладағы қоғамдық тәртіпті қорғау барысында ішкі істер органдарына  ұрлау және тонау фактілерін ашуға, іздеуде жүрген адамдарды ұстауға көмек көрсетеді. Олар сондай-ақ жоғалған смартфондарды және азаматтардың басқа заттарын тауып, жоғалған балаларды іздеуде ата-аналарға көмектеседі. Мәселен, осындай жағдайлардың бірі кеше Алматы көшесінде болды

Оқиға 9 тамыз сағат 20:30 шамасында болған. 5571 әскери бөлімінің сарбаздары қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті бақылау кезінде әскери жасаққа байланыс құралдары арқылы 10 жасар баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Ақпаратты қабылдағаннан кейін күзетшілер бірден жоғалған баланы іздеуге кірісті.

Жолай әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлішер Шахмұратов пен патрульдеушілер қатардағы жауынгер Талап Жүніс, Ринат Алшынбай жоғалған адамға сай келетін белгілері бар баланы байқаған

- Біз Жарков көшесінде жоғалған жанға сәйкес келетін баланы байқадық. Кішкентайға жақындаған кезде біз оның адасып кеткенін және өз ауласын таба алмай қалғанын білдік. Содан кейін біз жоғалған баланы әкесіне тапсырдық, - деді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Әлішер Шахмұратов.

Сәбиін көргеніне өте қуанышты болған әке әскери қызметшілер мен олардың командирлеріне жауапты қызметі үшін алғыс айтты.

 

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі