
4 тамызда бас қаланың "Алматы" ауданына қарасты Абылайхан көшесі 6/1 үйінің жанында 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде сағат 20:45 шамасында қатардағы жауынгерлер Сағынтай Ергентай, Беріханов Құдайберген және Елдосұлы Диас жылап тұрған қызды байқады.
Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Сағынтай Есентай бұл туралы патрульдік топтың аға бастығына дереу баяндады.
- Ұландықтар қызымды маған әкелген кезде мен 5 минутқа алаңдап кеттім. Рамина осы айда 5 жасқа толады. Мен ойын алаңында одан көз жазып қалдым. Жақында ғана біздің аулада ер адамның жас баланы қорлағаны туралы оқиға болған еді. Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне үлкен рахмет. Ойыма әр түрлі ойлар келіп, өзімді қоярға жер таппай тұрған едім, ұландық әскери қызметшілердің қырағы қызметтерінің нәтижесінде қызымды аман-есен табыстады, - дейді Жадыраның анасы.
Сол кеште сағат 21:30 шамасында елордалық жедел бригаданың әскери қызметшілері қатардағы жауынгерлер Мейрамбек Оразалы, Ерқанат Аманов және Аңсат Тілеубай Абылайхан көшесі бойынша патрульдеу бағыты бойынша жүріп келе жатқанда, 53 үйдің жанында азамат Д. 4 жасар қызы Мединаны табуға көмек сұрап жүгінді.
Ол анасын 20 минуттай іздейді, бірақ іздестіру еш нәтиже әкелмеген соң, Ұлттық ұланның әскери жасағын көріп, оларға көмекке жүгінеді. Біраз уақыттан кейін сарбаздар көрші аулада ата-анасының қарауынсыз жүрген кішкентай қыздарды байқады, олардың бірі сипаттау бойынша сәйкес келді. Медина 7 жасар көршісімен бірге кеткені белгілі болды.
Екі қыздың да аналары елордалық ұландықтарға қырағы қызмет атқарғаны және азаматтарға жанашырлық танытқандары үшін алғыс айтты.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі