
22-30 шілде аралығында Милан қаласында семсерлесуден биылғы әлем чемпионаты өтті. 155 елден жиналған мыңнан астам спортшы Италия астанасында сайысқа түсті
Әлем чемпионаты бұл спортшылардың ұпай жинау мүмкіндігі бар ең үлкен турнир саналады. Осы жерде спортшылар Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама беретін біліктілік рейтингтеріне ұпай жинайды. Семсерлесу бойынша біліктілік жарыстары 2023 жылдың 3 сәуірі мен 2024 жылдың 1 сәуірі аралығында өтеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының спорт командасының спорт нұсқаушысы ефрейтор Руслан Құрбанов семсерлесу бойынша қола жүлдеге ие болды.
Ефрейтор Р. Құрбанов ширек финалда итальялық Валерио Куомодан (15:12) басым түсті. Өкінішке қарай, финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы Венгрия елінің өкілі Томаш Кохтан 11:15 есебімен жеңіліп қалды. Соған қарамастан, ол әлемдік біріншілік медалін жеңіп алған еліміздің алғашқы өкілі атанды
Мұны сөзбена айтып жеткізе алмаймынҚол жеткізген нәтижеме әлі сене алар емеспін. Мен бұл спортпен 20 жылдан бері шұғылданамын. Алдыңғы екі әлем чемпионатында мен медаль иеленуге бір қадам жетпей қалып едім. Міне, ақыры қола медаль иелендім. Бұл мен үшін ғана емес, бүкіл ел үшін алғашқы медаль болғаны мені екі есе қуанышқа бөледі, - деді әсерімен бөліскен ұландық.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі