Елордалық ұландар бес баланы тауып, жақыгдарына қайтарды

Елордалық ұландар бес баланы тауып, жақыгдарына қайтарды

Бір кеште бірнеше ұқсас жағдайлар орын алды. Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімі – елордалық құраманың әскери қызметшілеріне балаларын табуға көмектесу үшін туыстары жүгінген болатын

2023 жылдың 19 шілдесінде сағат 20.00 шамасында президенттік саябақтағы патрульдік маршрутта бір әйел жоғалған екі баласын табу үшін ұландықтарға жүгінеді. Содан кейін ол олардың белгілерін айтып, сыртқы киімдерін сипаттады.  

Әскери жасақ бастығы қатардағы Азамат Шеңгелбаев патрульдік қатардағы Ермек Асқаров пен Бауыржан Бақыт және тағылымдамадан өтуші қатардағы жауынгер Абдурахман Қадірмен көрші жасақтарға жоғалған балалардың белгілерін туралы ақпараттандырады да өздері іздеуге кіріседі. Шамамен 20 минуттан кейін әскери қызметшілер субұрқақтың жанындағы ойын алаңының жанынан балаларды тауып, аналарына тапсырады.

Сонымен қатар, сағат 20:00 – де "Байқоңыр" ауданында қатардағы жауынгер Санжар Дакенов бастаған құрамында патрульшілер: қатардағы Нұрдәулет Убайдуллан мен Дастан Елег бар әскери жасақ тағы бір қырағылық үлгісін танытады. Оларға азамат Д. ұлын табу туралы өтініш білдіреді. Айтуынша, аулада көзден таса болған ұлын  өз бетінше ідеген, бірақ таба алмаған. Әскерилер жағдайға дереу кірісіп,  көп ұзамай  жоғалған баланы табады. Нәтижесінде бала ата-анасына берілді.

Сағат 20.20 шамасында "Триатлон" саябағындағы патрульдеу маршрутында "Алматы" ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқарып жүрген ұландық жасақ жылап жатқан баланы көреді. Әңгіме барысында баланың адасып, ата-анасын таба алмағаны белгілі болды.

Әскери жасақ бастығы қатардағы  Нұрсұлтан Ахмедов пен патрульшілер қатардағы Эдуард Давлетов, Кемел Әукен және Руслан Хасановтар дереу баланың ата-анасын іздеуге бет алады. Нәтижесінде, 20 минуттан кейін ұландықтарбаланың ата-аналарын табады.  Олар өз кезегінде әскери жасаққа, сондай-ақ бөлімнің қолбасшылығына көрсеткен көмектері үшін алғыстарын білдірді.

Төртінші оқиға "Сарыарқа"ауданында сағат 20:32 шамасында болды. Әйел азаматша 5 жасар ұлын жоғалтқаны туралы ұландықтарға айтады

- Баланың айрықша ерекшеліктерін ала отырып, біз бағдарды осы аймақтағы барлық әскери жасақтарға бердік. Және бірден іздеуге кірісті. 20 минуттан кейін әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Розмат Расулов және сақшылар Нұрдәулет Әбутәліпұлы және Мереке Үсен екеуміз Жеңіс көшесіндегі үйдің ауласында баланың сипаттамасына сәйкес келетінін байқадық, - деді патрульдік топтың бастығы сержант Бекболат Махаматов.

Ұландықтар баланың анасына хабарласып, ұлының табылғаны туралы хабарлады. Жақын арада оқиға орнына жеткенде, анасы ұлын көріп, әскерилерге үлкен алғысын білдірді.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі