
Астана қаласындағы Ұлттық ұланның 6636 әскери бөліміне елордалық «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Қажы Асанов арнайы сапармен келді. Шара Астана қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқарамасының қолдауымен ұйымдастырылды. Кесдесу мақсаты – әскери қызметшілердің діни сауаттылығын арттыру және дәстүрлі діни құндылықтарды жеке құрамға жеткізу болатын.
Әскери бөлім командирі полковник Ерлан Буранбаев Нұрлан Қажыны уақыт бөліп ұландық жауынгерлермен кездескені үшін алғыс айтып, көптеген сарбаздар әлеуметтік желіде Нұрлан имамның жазушылары екенін тілге тиек етті.
- Отанды сүю – иманнан. Иманы берік адам Отанын қорғайды, иманы берік адам елжанды, патриот болады. Сіздер ел мен жерді қорғап жатқандықтан халқымыз тыныш өмір сүріп жатыр. Мешіттерімізде халқымыз уайымсыз Жаратқанға құлшылығын жасап жатыр. Сіздер Алланың алдында үлкен сауаты іс жасап жатсыздар, – деді Нұрлан Асанов.
Оның айтуынша, шахид сөзінің мағынасын көп жерде дұрыс түсіне бермейді. Сирияға немесе басқа отты нүктеде елді жару емес, Отаның, елің және намысын қорғау Жаратқанға жағымды істердің бірі. Сонымен қатар, муфтият өкілі ар-намыс, адалдық, Әскери ант тақырыбы аясында әңгімелеп берді.
Сондай-ақ, «Дінді зерттеу орталғы» маманы, теолог Исатай Бердалиев сөз сөйлеп, дәстүрлі ислам діні туралы әңгімені өрбітті.
Шара соңында ұландықтар Нұрлан имамға сауал қойып, тұшымды жауаптарын алды. Әскери бөлім басшылығы келген меймандарды Алғыс хатпен марапаттап, естелік суреттерге түсті
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызыметі