5547 әскери бөлімінің (Қызылорда қ.) келісімшарт бойынша
әскери қызметшісі қатардағы Н.Қ.Камалдың
қайтыс болу фактісі бойынша
РЕСМИ АҚПАРАТ
2023 жылғы 27 маусымда сағат 08.00-де (Қызылорда уақытымен) анасы өзінің жер үйінде ұлы, 5547 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы Камал Нұрдәлет Қалдыбекұлының мәйітін тапқан. Қатардағы Н.Қ.Камал жауынгерлік қызметтен кейін демалыста болған. Сағат 08.25 шамасында анасы әскери бөлім басшылығына ұлының қайтыс болғаны туралы хабарлаған.
Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен 5547 әскери бөлімінің басшылығы әскери қызметші Нұрдәлет Камалдың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік»
өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі