Ұлттық ұлан 400 жанұяға 4 млн. теңгені құрайтын әлеуметтік көмек көрсетті

Ұлттық ұлан 400 жанұяға 4 млн. теңгені құрайтын әлеуметтік көмек көрсетті

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері еліміздегі төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету бойынша тапсырмаларды орындаумен қатар, қайырымдылық шараларға да қатысуда. Әлеуметтік - әлжуаз азаматтарды қажетті азық-түлік және санитарлы қорғаныс заттарымен қамтамасыз етуге бағытталған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері 400-ден аса жанұяға көмек көрсетті.

Жуырда елордалық ұландықтар 5573 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Ерлік Ықыласовтың басшылығымен интернационалист-жауынгер, ауған соғысының ардагері запастағы полковник Владимир Марковқа қал-жағдайын білу үшін үйіне барып қайтты. Әскери қызметшілер ардагерге қорғаныс қолғаптары мен бетперделерді тегін таратты.

Саналы ғұмырының 37 жылын құқытық тәртіп әскеріне арнаған және ауған соғысының сұрапыл майданынан өткен ардагер әскери қызметшілерге алғысын білдіріп, бұл көмектің маңыздылығын атап өтті.

Осы іспетті акция Қарағанды қаласында да орын алды. Ұлттық ұлан 52859 әскери бөлімінің Әйелдер кеңесі, Қазақстан халқы Асамблеясының мүшесі Мария Фатеева және әскери бөлімнің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Әубәкіров ҰОС ардагері Алексей Пичугинге барып, оған бірінші қажеттегі азық-түліктерді табыс етті. Қартан жасына қарамастан ардагер әлі де болса тың. Көрсеткен көмектері үшін ұландық әскери қызметшілерге алғысын білдіріп, қызметтеріне зор табыс тіледі.

Петропавлдағы әскери қызметкерлердің жанұялары да назардан тыс қалған жоқ. 6637 әскери бөлімі командирінің тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары подполковник Кенжеболат Балтабаев құқықтық тәртіп әскерінің ардагерлері Виктор Лахтин мен Шаймұрат Мұқашевқа, әскери қызметкерлердің көпбалалы отбасылары мен мүгедек балаларды асырап отырған отбасыларға кіріп шықты.  Бірінші кезектегі қажетті тауарларын «Оазис» ЖШС кәсіпкерлері бөлді. Айтып өту керек, олар өңірдегі  әскери бөлім сарбаздарын азық-түлік заттарымен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне Алматы қаласының әкімдігі  115 жәшік азық өңімдерін бөлді. Аталған әскери бөлімнің жауынгерлері осындай қиын-қыстау күндері мегаполис тұрғындарының тыныштығын күзетуге қатысты қырағы қызмет атқаруда.  Әскери бөлімнің қоғамдық ұйымдарымен тіршілікке қажетті өнімдер топтамасы әлеуметтік әлсіз әскери қызметкерлер жанұяларына, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші отбасыларға, соғыс және әскери бөлім ардагерлеріне үлестірілді.  

«Бiз бiргемiз» акциясы аясында Ұлттық ұлан жергілікті атқарушы билік органдары, «Нұр Отан» партиясының филиалдары, биснес құрылымдармен бірлесе 400-ден аса әлеуметтік әлсіз әскери қызметшілердің жанұясына, Ұлы Отан соғысы мен тыл және әскер ардагерлеріне тегін азық-түлік құрамын беру арқылы 4 млн. теңгені құрайтын әлеуметтік көмек көрсетті.

Акция Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Орал, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жаңаөзен, Петропавл, Көкшетау, Қостанай және Степногорск қалаларында өтті.