Ұландық жауынгер адасып қалған 3 жасар баланы жақындарына тапсырды

Ұландық жауынгер адасып қалған 3 жасар баланы жақындарына тапсырды

Оқиға 22-сәуір күні сағат 14.20 кезінде Көкшетау қаласында орын алған. Ұлттық ұланға қарасты 5510 әскери бөлімінің жауынгері Нұрбол Нағұманов қызметке келе жатып, жол бойында жалғыз жүрген балақайды байқайды.

Қасынан ересек адам байқалмағандықтан, дереу баланың аты-жөнін, жасын сұрап алып, жергілікті жедел басқару орталығының кезекшісіне оқиғаны баяндайды.

- Жұмысқа бізді тасымалдайтын қызметтік автобусқа қарай бет алған едім. Жолдың арғы бетінде қараусыз жүрген бала бірден көзіме түсті. Өз бетінше жолдан өтпек боп тұр екен. Жылдам жүгіріп барып, адасып жүргенін түсінген соң 102-ге хабарлап айттым. Жедел басқару орталығынан қайта қоңырау шалды, белгілі болғандай, бұл бала қаланың басқа ауданында тұрады екен. Ашық қалған қақпадан шығып кеткенге ұқсайды, - дейді ұландық жауынгер.

Осы арада баласын іздеген ата-анасы полицияға хабарласып, кішкентай Әлинұрдың аман-сау екенін білді. Сөйтіп, сәл уақыттан соң бала туғандарымен қайта қауышты.