
Ер азамат балалар ойнайтын алаңда қолына екі тапанша алып ары-бері қозғап тұрған, сол арқылы айналасына қауіп төңдірген.
18 сәуір күні сағат 17.00 шамасында Ұлттық ұлан 5510 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы капитан Василий Гунько қызметке бара жатып, үй ауласында қолымен екі тапаншасын сілкіп тұрған азаматты байқайды. Учаскелік полиция қызметкерін шақырып, әскери қызметші қаруланған азаматты қолға түсірді. Содан кейін, мән-жайды анықтау үшін оны ПБ -на жеткізеді.
Ер азамат макаров және револьвер секілді жарақаттаушы тапаншамен қаруланыпты.
- Қызметке бара жатып мен балалар ойнайтын аулада ер азамат балалрдың алдында екі тапаншасын шығарып тұр екен. Осы сәтте адамдардың өміріне қауіп төңіп тұрғанын ұғып, мен әлгі азаматтың қасына келдім де тапаншаларын тапсыруды талап еттім. Бағымызға орай, ер азамат еш қарсыласпай, қаруды тапсырды. Сондан кейін, учаскелік полиция қызметкерімен бірге оны полиция басқармасына жеткіздік. Сол жерде қолға түскен азамат өз іс-әрекетін психологиялық ауытқуларына байланысты түсіндіре алмады. Жағдайды тексергенде аталған қару оқтаулы тұрғаны белгілі болды, - ұландық әскери қызметші.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі