
Оқиға 16 сәуір күні Алматы қаласында орын алды. Ұлттық ұлан 5571 әскери бөлімінің әскери жасағы Аблайхан мен Абай көшелерінің қиылысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзету бойынша қызмет атқарып жүрген. Сол кезде ұландықтар қоғамдық тамақтану мекемесінің ішіне белгісіз адам енгісі келіп тұрғаныны туралы ақпарат алады.
Дереу оқиға орнына жеткен әскери жасақ мүлікті ұрлауға түскен азаматты байқайды. Белгілі болғандай, әлгі ер адам ғимаратқа терезелерді ашу арқылы енген.
30 жасар ер азамат қолға түсіріліп, мән-жайды анықтау үшін Алматы қаласының ПБ – на жеткізілді.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі