ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында Бюджет-қаржы басқармасының бастығы полковник Дәулет Ахметовтың басшылығымен әскери қаржыгерлер жиыны өтті.
Оқу-әдістемелік жиындарды өткізу барысында 17 академиялық сағаттық дәріс сабақтары өткізілді, онда әскери қаржыгерлерге бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамаға, қаржылық құжаттаманы ресімдеуге өзгерістер жеткізілді, сондай-ақ жиын қорытындысы бойынша тәжірибе мен тестілеуге тиісінше 2 сағат бөлінді.
Жиын “Ұлттық ұланның 2022 жылғы бюджетін игеру жөніндегі қаржылық қызметтің қорытындыларын шығару және ағымдағы жылға арналған қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану жөніндегі міндеттерді айқындау” атты тақырыпта өткізілді.
- Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің ақшалай үлесі мен жалақысы тұрақты түрде артып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы әскери қызметшілердің ақшалай үлесі 23 пайызға ұлғайтылды. Ал Ұлттық ұланның жалпы бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 57 пайызға ұлғайтылды. Бүгінгі таңда әскерлерді заманауи материалдық-техникалық жабдықтауға және технологиялық жаңғыртуға үлкен көңіл бөлінуде. Сондай-ақ, әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Қаржыландыруды ұлғайтудың, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемді және ұтымды игерудің арқасында 2022 жылдан бастап еліміздің мерекелік күндеріне орайластырылған сыйлықақылар тұрақты негізде алынады. Әскерлер қолбасшылығы осы тенденцияны ұстануды жалғастырады және жеке құрамды материалдық ынталандырудың мүмкіндіктерін іздейді. Бүгінгі таңда ұйымдық штаттық құрылымды сапалы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, қаржы бөлімдері бастықтарының лауазымдары өңірлік қолбасшылықтардың қаржы басқармаларының бастықтары болып қайта құрылды. Қаржы қызметі бастығының көмекшісі лауазымдары бригадалар мен полктердің қаржы қызметінің аға офицері лауазымдарына ауыстырылды. Алдағы уақытта қаржы қызметі бастығының лауазымын бригада, полк, батальон командирінің көмекшісі лауазымына ауыстыру жоспарлануда. Сондықтан әскери қаржыгерлерден өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау мен атқаруда әдептілік пен қажырлы еңбек талап етіледі. Сонымен қатар, қаржы қызметтерін де, оларға бағынышты бөлімдер мен бөлімшелердің қызметін де тұрақты негізде бақылау қажет, - деп атап өтті өзінің кіріспе сөзінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал-майор Константин Воронкин.
Әскери қызметшілермен сабақтарды Бас қолбасшылықтың бюджеттік-қаржы қызметі басқармасының тәжірибелі офицерлері өткізді. Ал шақырылған спикерлер ретінде Халық банкінің өкілдері Динара Жәкенова, Бақыт Досжанов, Жанна Кешубай және Динара Ыдырысова сөз сөйледі.
- Қаржы бөлімшесінің бастығы бұл қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындаушы ғана емес, сонымен қатар іс-шаралардың тұтас кешенін ұйымдастырудағы командирдің көмекшісі. Қаржы органын ұйымдастыру сапасы өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің барлық ұжымының жұмысы үшін маңызды, - деді Бюджет-қаржы басқармасының бастығы полковник Дәулет Ахметов.
Жиынның соңғы күні қатысушылар лауазымдық міндеттерін білу бойынша сынақтар, сондай-ақ басшылық құжаттарды білу деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтті. Әскери қызметшілер үшін қала бойынша экскурсиялар, сондай-ақ елорданың мұражайлары мен көрікті жерлеріне бару ұйымдастырылды.
Жиынды қорытындылай келе, әскери құралымның Қаржы-шаруашылық қызметін жүргізудің үздік көрсеткіштерін танытқан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қаржы басқармасының бастығы полковник Индира Мұқатаева - өңірлік қолбасшылық бойынша қаржы басқармасының үздік бастығы атанса, 5573 әскери бөлімі қаржы қызметінің бастығы майор Арайлым Бейсенбаева - құраманың қаржы қызметінің үздік бастығы, 6636 әскери бөлімінің қаржы қызметі бастығы майор Ольга Альшевская - әскери бөлімнің қаржы қызметінің үздік бастығы атанды.
Өткізілген тәжірибелік сабақтар мен қорытынды тестілеу нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов үздік әскери қаржыгерлерді “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" төсбелгілерімен, ақшалай сыйлықтармен, грамоталармен және естелік сыйлықтарымен марапаттады.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі