Ақтөбеде белгісіз азамат карантинді бұзып, дүкенді тонағысы келген

Ақтөбеде белгісіз азамат карантинді бұзып, дүкенді тонағысы келген

Ер азамат түнде шағын маркеттен ақша мен азық-түлікті ұрлағысы келген.

12 сәуірде сағат 23.00 шамасында Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери жасағы патрульдеу бағытында жүрген кезінде Полиция департаменті Жедел басқару орталығы кезекшісінен теміржол вокзалы жақтағы Ломаносов кешесіндегі «Бозторғай» шағын маркетіне белгісіз біреудің кіріп кеткені туралы ақпарат алады.  

Дабыл алысымен әскери жасақ бастығы қатардағы  Әділ Маратұлы, патрульшілер Бақтияр Мұхтар және Тұрғанбек Анарбаевпен бірге дүкенге жол тартады. Оқиға орнына келгенде дүкеннің терезесін бұзып кірген ер азаматты байқайды. Ол азық-түлік пен дүкен кассасынан 50 мың көлемінде ақшаны алып үлгерген екен.

1979 жлы туған ер азамат қолға түсіріліп, мән-жайды анықтау үшін құзырлы мекеме қызметкерлеріне тапсырылды.