
Елордалық бригаданың сарбаздары қоғамдық орындарды патрульдеу кезінде көшеде жатқан екі ұялы телефонды иелеріне қайтарды.
12 сәуірде сағат 18.50 шамасында елорданың "Байқоңыр" ауданында патрульдік топтың бастығы сержант Рауан Шынтақов қатардағы жауынгер Дінмұхаммед Мұхамбеталиұлы және Бақытбек Өтемісовпен бірге патрульдік маршрутта қызмет атқару барысында "Redmi Note 10" маркалы ұялы телефонды тапты.
Табылған құрылғы туралы әскери нарядтар бойынша кезекшіге хабарланды. Кейінірек смартфонға қоңырау келіп түсті, 20 минуттан кейін телефон иесі келіп, құрылғысын алды. Сондай-ақ ол әскери қызметке адал қызмет еткені үшін сарбаздарға алғыс білдірді.
Сонымен қатар дәл осы күні сағат 20.00 шамасында әскери наряд бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Ержан мен патрульдік қатардағы жауынгерлер Сабыр Махат және Дәут Ахметов Кравцов көшесіндегі патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде жерде жатқан "Iphone 6" маркалы телефонды тауып алған.
- Жоғалған гаджетті тапқаннан кейін бірден патрульдік топтың бастығы капитан Ғалымжан Даурбаевқа баяндадық. Біраз уақыттан кейін телефонға иесі қоңырау шалып, табылған жерге келді, онда оған мобильді құрылғы берілді, - дейді әскери наряд бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Ержан.
Ер адам сергек және адал қызмет атқарғаны үшін сарбаздарға алғысын білдірді.
ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі