Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған әскери қызметшілерді есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы ереже талаптарын түсіндіру

Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған әскери қызметшілерді есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы ереже талаптарын түсіндіру

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №39 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен есепке алынады.

 Аталған Қағида мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алуды жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы»,  «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарын ақпараттық және статистикалық сүйемелдеу мақсатында мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың деректер  банкі, Комитеттің жергілікті басқармаларымен есепке алынады, ал әскери қызметкерлерге қатысты есеп Әскери басқармасымен жүргізіледі.

Жоғарыда аталған Қағидаға сәйкес, мемлекеттік органның кадр қызметі үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу кәртішкесін ұсынуы тиіс, толтырғаннан кейін бұл кәртішке ресми есепке алу құжаты болып есептеледі және оған қол қойған тұлға заңда белгіленген тәртіпте көрінеу жалған мәлімет бергені үшін жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік қызметкерді босату туралы шешім өзгертілген немесе алынып тасталынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган  шешім өзгертілген немесе алып тасталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған дерек бойынша мөр басылған хабарламаны екі данада, сонымен қатар босату туралы шешімнің өзгертілгенін немесе алып тасталғанын растайтын материалдарды екі данада аумақтық органға жолдауы тиіс.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабында әскери қызметкерлерді мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатудың негіздері көрсетілген.

Заңамаға енгізілген өзгерістерден кейін жағымсыз себептермен босатылған тұлғалар туралы мәліметтер Әскери басқарманың есебінде тұрақты түрде сақталатынын ескеру қажет.

Осыған орай, келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге әскери қызметтен жағымсыз себептермен босатылуы жоғарыда аталып көрсетілген салдарына әкеп соқтыратынын назарларыңызға саламыз.

 

ҚР БП ҚСжАЕАК

Әскери басқармасының

аға прокуроры  А.Д. Кармысова