Сарбаздар астаналық тұрғынның телефонын тауып берді

Сарбаздар астаналық тұрғынның телефонын тауып берді

Көшелерді күзететін Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қала тұрғындарының құнды заттарын жиі тауып беріп жатады. Мәселен, күні кеше  елордалық бригаданың күзетшілері «Samsung» маркалы ұялы телефонды тауып, заңды иесіне қайтарып берді.

31 наурыз күні сағат 16.45 шамасында "Алматы" ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқарған 5573 Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Samsung» маркалы ұялы телефон тауып алған.

Әскери наряд бастығы қатардағы жауынгер Давид Таранцев патрульдік қатардағы жауынгерлер Аманжол Аймакенов пен Денис Перибормен бірге көшені патрульдеу кезінде жерде жатқан "Samsung" маркалы ұялы телефонды көріп, иесін іздеген.

- Бірден телефон иесін іздей бастадық. Кейін құрылғыға иесінен қоңырау түсті. Әңгіме барысында біз смартфонның үй иесіне тиесілі екеніне көз жеткіздік және мүлкін қайтарып бердік, - дейді әскери наряд бастығы қатардағы жауынгер Давид Таранцев.

Оқиға орнына келген әйел күзетшілерге зейіні мен сергек қызметі үшін алғыс айтты.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі