Азаптауға қарсы іс-қимыл және алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңес өтті

Азаптауға қарсы іс-қимыл және алдын алу бойынша ведомствоаралық кеңес өтті

2023 жылғы 17 наурызда Бас әскери прокуратурасымен азаптаудың алдын алу және үздіксіз бейнебақылауды енгізу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңеске әскери-құқық қорғау органдарының, оның ішінде әскери-тергеудің, әскери полицияның және олардың төмен тұрған бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Қатысушыларға Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру және жазаны орындау сатысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулығын мүлтіксіз сақтау және орындау туралы талаптар жеткізілді.

Ведомствоаралық кеңестің қорытындысы бойынша Ақмола өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасында келушілердің электрондық есебін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы шешім қабылданды. Бұл әскери прокурорларға азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жедел ден қоюға мүмкіндігін береді.

  ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі